Государственное учреждение средняя школа № 62

Объявления

литературный праздник «Путешествие в мир сказок», который прошел для маленьких читателей

№62 орта мектеп кітапханасында «Ертегілер еліне саяхат» атты 1 — 4 сынып оқушылары арасында шара өткізілді.

Шараның мақсаты: 1 сынып оқушыларын кітапханамен, ертегі кітаптармен таныстыру. 2-3-4 сынып оқушыларының каникул кезіндегі уақыттарын тиімді, кітапханада өткізуін ұйымдастыру.

«Шалқан» ертегі кітабымен таныстырып, ондағы «Маша мен аю», «Үйшік», «Шалқан», «Бауырсақ», «Үш аю», «Қу түлкі мен қасқыр» ертегілерін оқып беріп, оқушылардан түсінігін сұрадық. 1 сынып оқушылары өз ұнатқан ертегі кейіпкерлерінің суретін салды. Ал 3 — 4 сынып оқушылары ертегілер бойынша сөзжұмбақтар, ребус, санамақ, шытырман жол табу, сәйкестерін табу, жасырын сөзді табу, ғажайып нүктелер,  боямақ, ойлан тап ойындарын шешті. Оқушылар уақыттарын көңілді өткізді.

Кітапханашылар: Т.Утепова. А.Жолдыбаева.