Государственное учреждение средняя школа № 62

Объявления

Жемқорлыққа жол жоқ!

9 желтоқсан күні №62 жалпы білім беретін орта мектебінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты бірыңғай «Адалдық сағаттары» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

 Алғашқы сөз мектеп директоры Б.Ж. Нуртазинаға берілді.

«Бүгінгі таңда жемқорлық мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін аса өзекті мәселе болып табылады. Сыбайлас жемқорлық ұлттық шектеулерді білмейді. Жемқорлық — мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсу-өркендеу болмайды.

Қауіптің алдын–алу, болдырмау жөнінде  жастардың санасына адамгершіліктен айыратын табыс табудың оңай түрінің соңы неге апаратындығын жете түсіндіруміз керек.       

Сондықтан қазіргі таңда қалыптасып келе жатқан азаматтық қоғамда  әр тұлғаның санасына құқықтық мәдиенетті қалыптастыру аса маңызды болып табылады.  Сол себепті сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты — оның алдын алу, яғни, оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн деп есептеймін.» — деп сөзін қорытындылады.

Физика пәнінің мұғалімі және 9 «А» класс жетекшісі А.Г:Суюнгарина өзінің сөзінде С.И.Ожеговтің сыбайлас жемқорлық сөзіне түсінік бере отырып, сыбайлас жемқорлыққа апаратын іс-әрекеттер жолдарын айтып кетті.

Мектеп оқушылары сыбайлас жемқорлыққа байланысты көрініс көрсетті, өлең жолдарын оқыды,бейнеролик көрсетілді.

Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап,уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының борышы деп біліуіміз керек.

Осы іс-шараға қатысушылар пайдалы ақпараттар ала отырып,болашақта еліне адал қызмет жасайтын азаматтар болатынына сеніммен қараймыз.

Шараға мектеп оқушылары,ұстаздар және ата-аналар қатысты.