Государственное учреждение средняя школа № 62

Объявления

Денсаулық және өмірлік дағдылар

Бауыржан Момышұлы атындағы №62  жалпы білім беретін орта мектебінде

21 ақпан 2020 ж. 7-10 сыныптарының арасында сынып сағаты өтті.

Сынып сағатқа 290 оқушы қатысты.

Мақсаты: Денсаулық және өмірлік дағдылар туралы кітаптар сериясымен  оқушыларды таныстыру, оқушылар өмірлерін қауіпсіздік дағдыларын қалыптастырып өз-өзін қорғап сақтай білуге үйрету.

Міндеттері:

  1. Оқушылармен әлімжеттік(қорлау), кибершабуыл, құрдастар арасындағы реніш пен жанжал ұғымдарын талқылау;
  2. («Әлсізді қорғау» және «Көгерген ірімшік иісі») кітабында берілген қорлауға қарсы күрес, «Әлсізді қорғау» қағидалармен танысу;
  3. Оқушыларды әлімжеттіктің куәгерлеріне арналған кұресу және «Әлсізді қорғау» қағидаларымен тәжірибелік машықтандыру;
  4. Оқушылармен сұрақтарды талқылау.