Государственное учреждение средняя школа № 62

Объявления

«Ауғанның от жалыны!»

14.02.2020 ж. күні Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін ортма мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылуының 31 жылдығына арналған «Ауғанның от жалыны» атты кездесу өтті.

Мақсаты: Оқушылардың бойына патриоттық тәрбиені ұялату, елін, жерін сүюге және азаматтық борышын өтеуге тәрбиелеу.

Кездесуге ауған соғысында болған Каршигин Адилхан Кыйлыбаевич қатысты.

Ол өз сөзінде бейбішіліктің қадірін бағалау қажеттігін, оқушыларды жақсы оқып, қазіргі бейбіт өмірді қорғауға , сақтауға шақырды. Соғыстан кейінгі ұстаздық еткен өнегелі өмірін айтып, тәжірибесімен бөлісті.