Государственное учреждение средняя школа № 62

Объявления

АНЫҚТАМА СНЮС

16.01.2020ж. күні №62 жалпы білім беретін орта мектебінде 8-11 класс оқушылары үшін Қазақстан республикасының Бас санитарлық дәрігері Ж.М.Бекшиннің 12.12.2019 жылғы #7 ПГВр «Снюс»шегуге арналған темекі және темекісіз өнімдерін әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тиым салу туралы» қаулысы шыққандығы туралы хабардар ету мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге №2 қалалық емханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Желдірова Ақерке Якубқызы мен аталған емхананың аға медбикесі Карагулова Самал Сайлаубайқызы қатысып, оқушыларға «СНЮС» туралы ақпарат беріп, оның салдарынан пайда болатын ауру түрлерін айтып өтті. Оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Оқушыларды осы затты пайдаланбауға және достарына зияны туралы айта жүруге кеңес берді. Өтілген шара туралы ақпарат мектеп инстаграмына төмендегі сілтеме бойынша жарияланды: https://www.instagram.com/p/B7Z602ylRFq/?igshid=quauu9juqb4c

16.01.-17.01.2020 ж.ж. күндері І және ІІ ауысымда оқитын кластар үшін ата-аналар жиналысы өткізіліп, «Снюстың зияны» туралы мәселе қарастырылды.