Государственное учреждение средняя школа № 62

Объявления

Қайырымдылық жылы жүректен…

2020 жылдың 7-ақпанында “ Өзін-өзі тану:Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы” онкүндік іс-шарада аясында “Қайырымдылық жылы жүректен”атты қайырымдылық концерті ұйымдастырылып, түскен қаражатқа ММ “Үміт” сәбилер үйіне баруды жоспарланды.

Мақсаты: тәуелсізді баян ету аңсар мұратымыз, өтпелі шақтағы қиындықты жеңу азаматтық міндетіміз, ал тұрмысы төмен азаматтарға, ата-аналарының қамқорсыз қалған балаларға қолдау көрсету адамгершілік парызымыз бен бірге оқушыларға тәрбие беру.

12 ақпан күні №62 орта мектептің «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері Нуркадырова Г.Ж. және Макуова Н.А. Ақтөбе қаласының ММ“Үміт” сәбилер үйіне барды. Сәбилерге қажетті сыйлықтарын және жеміс-жидектерді сыйға тартты.

ММ “Үміт” сәбилер үйінің тәрбиешілермен бірге

Адам өміріндегі ең игі ұлы істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасап адамгершілік қасиеттерді бойына дарытады. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастап, ізгіліктің нұрын себеді.