Государственное учреждение средняя школа № 62

Объявления

Тарих — өткенге сабақ, келешекке — өнеге

Ақпан айының 24.01-28.01.2020 ж Ақтөбе қаласының № 62 ЖББОМ-де «Тарих» пәндер бірлестігінің «Тарих- өткенге сабақ, келешекке- өнеге» атты тақырыбында апталығы басталды.

Мақсаты: «Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыра білу, оқушылардың салыстырмалы түрде ойлау, ой түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамыту,
Өткеннен күннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай білуге,

тарихын құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу»

24 — қаңтарда «Тарих- өткенге сабақ, келешекке- өнеге» атты тарих пәндері  бірлестігінің апталығының ашылуы өтті.   

Жиында мектептің  оқу-тәрбие ісінің орынбасары Қанымбаева А.Т, бірлестік жетекшісі Таскынова Г.Е  сөз сөйлеп, апталықытың жоспарымен таныстырды.

Оқушыларды осы апталықта белсенділік танытуға шақырды.

Апталықтың ашылуында 8 «Ә» класс оқушылары атақты  тұлғалардың  өмірбаяндарына тоқталып, өлең жолдарын оқыды. 8 «Ә» Абдкаримов Жасұлан «Батаңды бер» өлеңімен аяқтады.