Государственное учреждение средняя школа № 62

Объявления

Білім — өркениет өрісі

Қаңтар айының 13.01-17.01.2020 ж Ақтөбе қаласының № 62 ЖББОМ-де «Математика,информатика және физика» пәндер бірлестігінің «Білім — өркениет өрісі» атты тақырыбында апталығы басталды.

Мақсаты: «Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту»

Міндеттері:

— математика,информатика және физика пәндеріне қызығушылығын арттыру;

оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;

— ұжымдылыққа,достыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.

13 қаңтарда «Білім — өркениет өрісі» математика,информатика және физика  апталықтың ашылуы өтті.   

Жиында мектептің  оқу әдістемелік  жетекшісі Урекешова Л.Ш, оқу-тәрбие ісінің орынбасары Қанымбаева А.Т, бірлестік жетекшісі Суюнгарина А.Г және математика пәнінің мұғалімі Биманова С.Т сөз сөйледі.

Олар оқушыларды осы апталықта белсенділік танытуға шақырды,өйткені математика барлық ғылымның патшасы.

Апталықтың ашылуында 8 «А» класс оқушылары атақты  ғалымдардың  өмірбаяндарына тоқталып, өлең жолдарын оқыды. Оқушыларға жұмбақтар, логикалық сұрақтар қойылды.

Информатика пәні  мұғалімі Рамазанова Т.У «Программалық қамтама етудің жіктелуі» тақырыбында 8 «А» класымен  ашық сабақ өткізді.

Информатика пәні мұғалімі Баекешова Г.С «Графикалық редактордағы фигуралар» тақырыбында 3 «Ә»класымен ашық сабақ өткізді.

Барлық сабақтар жаңартылған білім мазмұнына сәйкес тартымды әрі қызықты өтті, сабақққа қатысқан ұстаздар өз алғыстарын айтты.