Государственное учреждение средняя школа № 62

Объявления

Ашық сабақтар

Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебінде жаратылыстану пәндері  апталығында  өткізілген ашық сабақтар

Жаратылыстану сабағы 6 «а» класта

Мұғалім Аманкулова Айголек

Сабақтың  тақырыбы: Энергия көздері.

Оқу мақсаты: энергия көздерін атайды

Сабақтың  мақсаты: 

Оқушылар: 1. Энергия көздерін атай алады.

  1. Энергия көздерімен танысады

Дескрипторлар:

-ұғымғы дұрыс анықтама береді;

— ұғымның негізгі қасиеттерін сипаттайды;

— ұғымның қолдануына мысалдар келтіре алады.

Өткізілген ашық сабақтың қысқа мерзімді жоспары оқу мақсатына негізделіп құрылған, сабақ жақсы денгейде өтті. Оқушылар  берілген тапсырмалардағы дискрипторлармен жұмыс жасай отырып қалыптастырушы бағалауға дағдыланғандарын көрсетті.

Биология сабағы 8 «ә» класта

Мұғалім Жаналиева Бақытжамал

Сабақтың тақырыбы: Көздің құрылысы, көрудің маңызы. «Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу» ( Зертханалық жұмыс)

Сабақтың оқу мақсаты: 8.1.7.1 көруді қабылдаудың ерекшеліктерін зерттеу және көру гигиенасы ережесін сипаттау

Сабатың мақсаты:

  • Көрудің маңызын түсіндіру;
  • Көздің құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты анықтау;
  • Көру жітілігі мен көру аймағының шегін зерттеу.

Дескрипторлар:

-көздің құрылым бөлілтерін атап жазады;

-бағдаршаммен жарықтың түсу жолын көрсетед.і

Оқушылар көздің құрылысымен танысып, маңызына көңіл бөлді. Сабақ жақсы өтті. Оқушылар   оқу мақсатына бағытталған бірнеше тапсырмалармен жұмыс жасады. Көздің

оқушылар күнделікті  өмірде көзді зиянды заттардан қорғау керек екенін түсінді.

Химия сабағы 10 «ә» класында

Мүғалім Уразова Римма

Сабақтың тақырыбы: Натний,  калий  және кальций, магний тұздардың  үлгілерімен танысу,  металдардың  химиялық белсенділігі салыстыру.  Лабараториялық тәжірибе №7 «Натрий, калий, магний,  кальций қозылыстарының маңызды тұздарының үлгілерімен таныстыру»

Осы сабақта қол  жеткізілетін оқу мақсаттары:

10.2.1.22 кальций, магний және олардың  қосындыларынның  негізгі  қасиеттерін  сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру.

10.2.1.23 калий, натрий, кальций иондарын сапалық реакциясын зерттеу (жалынды бояу)

Сабақтың мақсаты: Натрий, калий, кальций, магний және олардың  қосылыстарының  негізгі  қасиеттерінің  түсіндіре білу,  салыстыра білу,  есеп шығара білу дағдыларын,  реакция теңдеуін құрастыра білу біліктілік дамыту,  қорытынды жасау, есте сақтау,  жүйелеу,  сөздік қорын молайту білім-білік дағдыларын дамыту.

Дескрипторлары:

— натрий, калий және кальций, магний элементтерін физикалық қасиеттерін сипаттайды;

— металлдардың салыстырмалы атомдық массасын тауып,металл екенін анықтайды.

Сабақ барысыда  оқушылар оқу мақсаттарына негізделген сәйкестендіру тестін,  металдың  физикалық қасиеттерін анықтады. Ойлау дағдыларына бағытталған саралау тапсырмалары берілді. Сабақ уақытына үлгерді. Ашық сабақ жақсы деп бағаланды.